Коррупцияға жол жоқ: адалдықты бірге таңдаймыз
Коррупцияға жол жоқ: адалдықты бірге таңдаймыз
Стоп коррупции: выбираем честность вместе1–5 желтоқсан аралығында біздің мектепте заңға құрметті, жауапкершілік пен адалдықты дамытуға арналған «Стоп коррупция» атты бейнероликтер байқауы өтуде. Әртүрлі сыныптардың оқушылары бұл бастаманы қолдап, мазмұнды әрі креативті жұмыстар ұсынуда.
7 «А» сыныбы да акцияға белсенді түрде қосылып, өз азаматтық ұстанымын білдірді:
«Біз — жемқорлыққа қарсымыз! Біз адалдықты, әділдікті және құрметті таңдаймыз. Жемқорлық — сенімді бұзады, ал біз жақсы болашақ құруды қалаймыз. Адалдық әрқайсымыздан басталады!»
Оқушылар тек құрмет, ашықтық және жеке жауапкершілік арқылы әділ және сау орта қалыптастыруға болатынын атап өтті.
7 «А» класс также присоединился к акции и высказал свою гражданскую позицию:
«Мы — против коррупции! Мы выбираем честность, справедливость и уважение. Коррупция разрушает доверие, а мы хотим строить лучшее будущее. Честность начинается с каждого из нас!»
Ребята подчёркивают, что только через уважение, открытость и личную ответственность можно создать здоровую и справедливую школьную и общественную среду.
[media=https://youtube.com/shorts/A8-U8c8XuBk]
8 «А» сыныбы өз ұстанымын анық жеткізді:
«Біз жемқорлыққа қарсымыз. Адалдық әрқайсымыздан басталады. Болашақ — әділдікті таңдағандардың қолында».
Оқушылар маңызды өзгерістер адамның жеке таңдауынан басталатынын атап өтті.
[media=https://youtube.com/shorts/d9TtgeebslI]
9 «А» сыныбының ұраны:
«Таза қол — таза болашақ!»
Бұл қысқа да нұсқа ой — адалдық қоғамның дамуы мен өзара сенімнің негізі екенін еске салады.
[media=https://youtube.com/shorts/Iv6wZRRCLaI]
Онінші сынып оқушылары да өз қолдауын білдірді:
«Біз адалдықты, әділдікті және ашықтықты қолдаймыз. Қоғамды жақсырақ ету — өзімізден басталады!»
[media=https://youtube.com/shorts/SbyHCPBv3FE]
Бұл байқау оқушыларды біріктіріп қана қоймай, күнделікті өмірде қағидалы, жауапты және адал болудың маңызын түсінуге көмектеседі.