Инклюзияны қолдау кабинеті командасы Гарри Поттер стиліндегі
Инклюзияны қолдау кабинеті командасы Гарри Поттер стиліндегі семинар-практикум өткізді 🪄🏰 Свитоктар, бөлу қалпағы, хат әкелген үкі — және, әрине, шынайы тәжірибе. Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды сүйемелдеудегі ойын тәсілдері туралы әңгімелесіп, барлығын іс жүзінде қолданып көрдік. Қозғалыс та, күлкі де, кәсіби тәжірибе алмасу да көп болды. Өйткені ойын арқылы маңызды дағдылар қалыптасады — зейін, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынас. Әріптестерімізге белсенділігі мен ашықтығы үшін алғыс айтамыз.