Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң мен тәртіп»: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
16
қаңтар
2026

«Заң мен тәртіп»: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру

«Заң мен тәртіп» / «Закон и порядок»: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру


📌 12 қаңтар күні мектебімізде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында, сондай-ақ ШҚО бойынша 2026 жылға арналған «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі Медиа-жоспарға сәйкес, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.



📌 12 января в школе в рамках месячника «Закон и порядок», а также в соответствии с Медиапланом по продвижению идеологемы «Закон и порядок» по ВКО на 2026 год, был проведён комплекс мероприятий, направленных на формирование правовой культуры учащихся.






1, 2 және 4-сыныптарда «Заң және тәртіп», «Заң және біз», «Тәртіп және біз» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Оқушылар мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп сақтаудың маңызын, бір-біріне құрметпен қараудың қажеттілігін түсінді.



В 1-х, 2-х и 4-х классах прошли классные часы на темы «Закон и порядок», «Закон и мы», «Порядок и мы». Ребята обсудили правила поведения в школе и общественных местах, важность уважительного отношения к окружающим.


[media=https://youtube.com/shorts/eIvGdTE1GT8]
[media=https://youtube.com/shorts/oeuQeI_hv1k]
[media=https://youtube.com/shorts/8Coo7EfXalY]



5-сынып оқушыларымен мектептің әлеуметтік педагогы Искакова Назгуль Слямовна «Біз өз іс-әрекетімізге жауаптымыз» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Оқушылар өмірлік жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін білдірді.



С учащимися 5-х классов социальный педагог школы Искакова Назгуль Слямовна провела профилактическую беседу «Мы в ответе за свои поступки». Ребята анализировали жизненные ситуации и делали выводы.




6-сыныптарда өткен сынып сағатына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор А.Д. Жұмадилова және мектептің әлеуметтік педагогы қатысты. Оқушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік ескертілді.



В 6-х классах в классном часе приняли участие инспектор по делам несовершеннолетних А.Д. Жумадилова и социальный педагог школы. Учащимся разъяснили их права, обязанности и ответственность за правонарушения.


[media=https://youtube.com/shorts/YXxJV-9v6WQ]



7–8-сыныптарда тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері қарастырылды. Өмірлік мысалдар арқылы оқушылар заң талаптарын түсініп, дұрыс шешім қабылдауға үйренді.



В 7–8 классах учащиеся познакомились с дисциплинарной, административной и уголовной ответственностью, разбирали жизненные ситуации и учились принимать обоснованные решения.



9-сыныптарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттеріне арналған сынып сағаттары өтті. Оқушылар заңды білудің қауіпсіз әрі саналы өмірдің негізі екендігін түсінді



В 9-х классах прошли классные часы, посвящённые правам и обязанностям несовершеннолетних. Ребята пришли к выводу, что знание закона — основа безопасной и осознанной жизни.


[media=https://youtube.com/shorts/V2TnyHg1RqY]



10 «А» сыныбында «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар өз құқықтарын қорғау жолдарын және қауіп жағдайында дұрыс әрекет ету тәсілдерін меңгерді.



В 10 «А» классе был проведён классный час «Преступления против личности», в ходе которого учащиеся изучили последствия противоправных действий и основы защиты своих прав.


Өткізілген іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік пен заңға құрмет сезімін дамытуға бағытталды.
⚖️ Заң әрқайсымыздан басталады.


Проведённые мероприятия способствовали формированию правовой культуры, ответственности и уважительного отношения к закону.
⚖️ Закон начинается с каждого из нас.

Похожие публикации: