06
сәуір
2026
📚✨ Кәсіптік бағдар — болашаққа жасалған қадам!
📚✨ Кәсіптік бағдар — болашаққа жасалған қадам!Мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында өткен «Еуразиялық білім беру көрмесіне» қатысты.
Көрме барысында оқушылар жетекші жоғары оқу орындарымен, білім беру бағдарламаларымен және болашағы зор оқу бағыттарымен танысты. Сондай-ақ, олар оқу орындарының өкілдерімен тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқуға түсу ережелері мен түрлі мамандықтардың ерекшеліктері туралы кеңірек мәлімет алды.
Осындай іс-шараларға қатысу жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және алдағы білім беру бағытын анықтауға көмектеседі.
✨ Бұл тәжірибе оқушыларымызды жаңа жетістіктерге жігерлендіріп, өз мақсаттарына сенімді түрде жетуге ықпал етеді деп сенеміз!
----
📚✨ Профориентация — шаг к будущему!
Учащиеся 10–11 классов нашей школы посетили «Выставку Евразийского образования», которая проходила на базе ВКУ им. С. Аманжолова.
На выставке ребята познакомились с ведущими вузами, образовательными программами и перспективными направлениями обучения. Учащиеся получили возможность пообщаться с представителями учебных заведений, задать интересующие вопросы и узнать больше о правилах поступления и особенностях различных профессий.
Посещение подобных мероприятий помогает старшеклассникам сделать осознанный выбор будущей профессии и определить дальнейший образовательный маршрут.
✨ Надеемся, что этот опыт вдохновит наших учеников на новые достижения и поможет им уверенно двигаться к своей цели!