Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау рәсіміне қатысты келесіні хабарлайды.
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттау оқу жылында бір рет өткізіледі.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап аттестаттау рәсімі қайта басталады. 2026 жылы аттестаттаудан өтетін «педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап «Ұстаз» педагогтердің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасы арқылы жүзеге асырылады. 2026 жылы аттестаттаудан өтетін басқа біліктілік санаттарындағы педагогтер үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап «eGov.kz» электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, аттестаттаудан өтетін педагогтер үшін тестілеу (педагогтердің білімін бағалау) келесі мерзімдерде өткізілетінін хабарлаймыз:
Тестілеуге алғаш рет қатысушылар үшін — ағымдағы жылдың 16 мен 27 сәуірі аралығында;
Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, еңбек өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастағысы келетін тұлғалар үшін — белгіленген кестеге сәйкес ай сайын өткізіледі.
Осыған байланысты, аталған ақпаратты педагогтердің назарына жеткізуді, олардың құжаттарды уақтылы әрі толық тапсыруын, сондай-ақ белгіленген талаптар мен мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Министерство просвещения Республики Казахстан сообщает следующее относительно процедуры аттестации педагогов.
В соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 83 «Об утверждении правил и условий проведения аттестации педагогов» аттестация педагогов проводится один раз в учебном году.
В связи с этим с 14 апреля текущего года процедура аттестации возобновляется.
Для квалификационных категорий «педагог-модератор» и «педагог-эксперт», проходящих аттестацию в 2026 году, прием документов осуществляется через национальную платформу непрерывного профессионального развития педагога «Ұстаз» начиная с 14 апреля текущего года.
Для педагогов остальных квалификационных категорий, проходящих аттестацию в 2026 году, прием документов будет осуществляться через веб-портал электронного правительства «eGov.kz» начиная с 15 апреля текущего года.
Также сообщаем, что для педагогов, проходящих аттестацию, тестирование (оценка знаний педагогов) проводится в период с 16 по 27 апреля текущего года — для лиц, участвующих в тестировании впервые.
Для лиц, имеющих педагогическое или иное профессиональное образование по соответствующему профилю либо документ о педагогической переподготовке, не имеющих стажа, а также для лиц, желающих возобновить педагогическую деятельность, тестирование будет проводиться ежемесячно в соответствии с установленным графиком.
В связи с этим просим довести данную информацию до сведения педагогов, обеспечить своевременную и полную подачу ими документов, а также соблюдение установленных требований и сроков.