Ата-аналарға арналған жадынама: дабыл белгілерін уақытында байқап, баланы қалай қолдау керек

Құрметті ата-аналар! Әр бала өз өмірінде қиын кезеңдерді бастан кешіруі мүмкін. Мұндай сәтте үлкендердің түсіністігі, сабырлығы мен қолдауы өте маңызды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығымен бірлесіп арнайы жадынама әзірледі. Бұл құжат баланың бойындағы дабыл белгілерін уақытында байқап, оған дұрыс қолдау көрсетуге көмектеседі.
Қоса берілген материалдарда мынадай маңызды ақпараттар қамтылған:
Назар аударуды қажет ететін эмоционалдық және мінез-құлықтағы өзгерістер.
Қалай дұрыс әрекет ету және әңгімені қандай сөздермен бастау керектігі туралы ұсыныстар.
Сенім орнатуға және қамқорлығыңызды көрсетуге көмектесетін сөз тіркестері.
Мамандардың көмегі дереу қажет болатын жағдайлар.
Өскемен қаласында кәсіби көмек алу үшін қайда жүгінуге болады:
Өңірлік психологиялық қолдау орталығы: 8 (7232) 26-68-92, 8-707-907-33-50 (тәулік бойы). Мекенжайы: Антон Чехов көшесі, 63.
«Үлбі» дағдарыс орталығы: 8 (7232) 77-19-22, 8-771-44-511-44 (WhatsApp, тәулік бойы). Мекенжайы: Добролюбов көшесі, 44.
Қазақстандағы бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін тегін сенім телефоны: 111.
Сонымен қатар, сіздер әрқашан мектеп психологынан немесе сынып жетекшісінен кеңес ала алатындарыңызды еске саламыз. Есіңізде болсын: сіздің назарыңыз бен үнемі жанынан табылуға дайын болуыңыз – бала үшін ең үлкен қолдау!

Уважаемые родители! Каждый ребенок в своей жизни может сталкиваться с трудными периодами. В такие моменты особенно важно внимание, спокойствие и понимание со стороны взрослых.
Прокуратура Восточно-Казахстанской области совместно с Региональным центром психологической поддержки и помощи подготовили специальную памятку. Она поможет вам вовремя заметить тревожные сигналы в поведении ребенка и правильно оказать ему поддержку.
В прикрепленных материалах подробно описаны:
Эмоциональные и поведенческие изменения, на которые стоит обратить пристальное внимание.
Рекомендации о том, как правильно реагировать и с каких фраз лучше начинать разговор.
Фразы, которые помогут выстроить доверие и показать вашу заботу.
Ситуации, когда необходимо незамедлительно обратиться к специалистам.
Куда можно обратиться за профессиональной помощью в г. Усть-Каменогорске:
Региональный центр психологической поддержки: 8 (7232) 26-68-92, 8-707-907-33-50 (круглосуточно). Адрес: ул. Антона Чехова, 63.
Кризисный центр «Ульба»: 8 (7232) 77-19-22, 8-771-44-511-44 (WhatsApp, круглосуточно). Адрес: ул. Добролюбова, 44.
Единый бесплатный круглосуточный телефон доверия в Казахстане: 111.
Также напоминаем, что вы всегда можете обратиться за консультацией к школьному психологу или классному руководителю. Помните: ваше внимание и готовность быть рядом — это уже огромная поддержка для ребенка!