28
сәуір
2026
Заң мен Тәртіп — қауіпсіздік кепілі!
🛡️ Заң мен Тәртіп — қауіпсіздік кепілі!Бүгін мектебімізде маңызды кездесу өтті. Ертіс ПБ ООБ бастығының орынбасары, полиция майоры Бақытбеков Д. оқушыларымызбен «Заң мен тәртіп» тақырыбында ашық әңгіме жүргізді. 👮♂️📜
Инспектор тек құрғақ заңдарды айтып қана қоймай, балаларға өте маңызды тақырыптарды түсіндірді:
✅ Түнгі уақытта көшеде үлкендерсіз жүрудің салдары;
✅ Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік және кибербуллинг;
✅ Мектеп мүлкін сақтау және құрдастар арасындағы сыйластық.
Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрбір іс-әрекеттің заң алдында жауапкершілігі бар екенін ұғынды. Біздің мақсатымыз — заңды сыйлайтын, саналы ұрпақ тәрбиелеу!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар, тәртіп бар жерде — береке бар екенін ұмытпайық! 👇