Жоғары сынып оқушыларына арналған профилактикалық әңгіме: есірткі қылмыстарының құқықтық салдары

«№36 орта мектеп» КММ-де 9 және 11-сынып оқушылары үшін маңызды кездесу өтті. ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері — аға жедел уәкіл, полиция майоры Сағатпек Қуатпекұлы Малтугелов және жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Мәди Маратұлы Қалиақпаров кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі қылмыстарының құқықтық салдары тақырыбында профилактикалық дәріс оқыды.
Іс-шара барысында оқушыларға келесі мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді:
Тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және қолдану үшін заңнамалық жауапкершілік.
Профилактикалық есепке қоюдың құқықтық және әлеуметтік салдары.
Зиянды әдеттердің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін кері әсері.
Заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінде және өз болашағына саналы көзқараспен қарауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Профилактическая беседа для старшеклассников: правовые последствия наркопреступлений
В КГУ «Средняя школа №36» состоялась важная встреча для учащихся 9-х и 11-х классов. Сотрудники Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции ВКО — старший оперуполномоченный, майор полиции Сагатпек Куатпекулы Малтугелов и оперуполномоченный, старший лейтенант полиции Мади Маратулы Калиакпаров — провели профилактическую беседу о правовых последствиях наркопреступлений среди несовершеннолетних.
В ходе мероприятия школьникам подробно разъяснили:
Меру ответственности за хранение, распространение и употребление запрещенных веществ.
Правовые и социальные последствия постановки на профилактический учет.
Губительное влияние вредных привычек на здоровье и будущее человека.
Значимость соблюдения законодательства и ведения здорового образа жизни.
Встреча прошла в формате открытого диалога: учащиеся смогли задать интересующие их вопросы и получить компетентные ответы. Подобные мероприятия играют ключевую роль в правовом воспитании подростков и формировании осознанного отношения к своему будущему.
https://www.instagram.com/p/DYWQvtqod8c/