Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📢 Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында
21
мамыр
2026

📢 Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында

📢 Құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында

Біздің мектепте оқушылар үшін бірқатар деректі және әлеуметтік бейнероликтерді көру ұйымдастырылды.

Бұл материалдардың тақырыптары қазіргі қоғамдағы өзекті қауіп-қатерлерді қамтыды: интернет-алаяқтық, дропперлік, онлайн-груминг, желідегі қауіпсіздік, зиянды әдеттер (нашақорлық, алкоголизм, лудомания), сондай-ақ жеке жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық мәселелері.

📺 Көру барысында оқушылар келесі бағыттарға арналған бейнероликтермен танысты:

* интернет-алаяқтықтың алдын алу және жеке деректерді қорғау
* желіде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру
* «жеңіл табысқа» алданудың және заңсыз схемаларға тартылудың алдын алу
* өмір мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды дамыту
* зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің алдын алу
* жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау

Әсіресе бейнероликтерде көрсетілген нақты өмірлік жағдайлар талданып, ықтимал қауіптер мен ойланбай жасалған әрекеттердің салдары түсіндірілді.

💬 Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың өз іс-әрекетіне саналы көзқарасын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі ақпараттық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгеруге ықпал етеді.


В рамках профилактики правонарушений, формирования безопасного поведения и повышения цифровой грамотности среди обучающихся в нашей школе были организованы просмотры серии документальных и социальных видеороликов.

Тематика материалов охватывала актуальные риски современного общества: интернет-мошенничество, дропперство, онлайн-груминг, безопасность в сети, вредные зависимости (наркотизм, алкоголизм, лудомания), а также вопросы личной ответственности и безопасного поведения.

📺 В ходе просмотра учащиеся ознакомились с видеороликами, направленными на:
* предупреждение интернет-афер и защиту персональных данных
* формирование навыков безопасного поведения в сети
* профилактику «лёгкого заработка» и вовлечения в противоправные схемы
* развитие ответственного отношения к жизни и здоровью
* профилактику вредных привычек и зависимостей
* соблюдение правил дорожной безопасности

Особое внимание было уделено обсуждению реальных жизненных ситуаций, показанных в роликах, и разбору возможных рисков и последствий необдуманных действий.

💬 Подобные профилактические мероприятия способствуют формированию у обучающихся осознанного отношения к собственным поступкам, развитию критического мышления и навыков безопасного поведения в современном информационном пространстве.