28
мамыр
2026
📚 Күн тынысы: 5–8 және 10-сыныптар аралық емтихан тапсырды
📚 Күн тынысы: 5–8 және 10-сыныптар аралық емтихан тапсырдыБүгін мектебімізде оқу бағдарламасының қорытынды кезеңі аясында 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары үшін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық емтихан өткізілді.
Бұл сынақ — оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, грамматикалық сауаттылығын және отандық әдебиет әлемінен алған рухани білімін саралайтын жауапты сәт.
✨ Емтихан барысын бақылауға және әдістемелік қолдау көрсетуге Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Н.Т. арнайы қатысты. Қонағымыз емтиханның ұйымдастырылу деңгейіне, ашықтығы мен әділдігіне, сондай-ақ оқушылардың жауапкершілігіне оң бағасын берді.
Емтихан барлық академиялық талаптарға сай, ашық әрі әділ өтті. Оқушыларымыз бойындағы қобалжуды жеңіп, жыл бойы жинаған білімдерін сенімді түрде көрсете білді.
Шәкірттерге сапалы білім беріп, емтиханға тиянақты дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғыс айтамыз! Барлық оқушыларымызға тек жоғары нәтижелер мен сәттілік тілейміз! 🌟
https://www.instagram.com/reel/DY4XjTlo1sN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==