🌟 МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАРТАНЫШЫ – БІЗДІҢ БАҒДАРЫМЫЗ!
🌟 МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАРТАНЫШЫ – БІЗДІҢ БАҒДАРЫМЫЗ!
Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, жарқын нәтижеге қол жеткізген түлегіміз – Галина Кичигинамен (@hodochka1988) ерекше мақтанамыз! 👏
22 тамызда Галина Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында (World Masters Athletics Championships) 10 шақырымға спорттық жүру бойынша сынға түсті.
Бүгін бізде қуанышты жаңалық бар — Галина өз жас санатында КҮМІС МЕДАЛЬ жеңіп алды! 🥈🌍
Бұл – әлемнің әртүрлі елдерінен келген спортшылар өз жас санаттары бойынша бақ сынайтын халықаралық деңгейдегі ауқымды әрі маңызды жарыс. Мықтылардың арасында біздің де түлегіміз бар!
🥈 Әлем чемпионатының күміс жүлдесі — бұл үлкен жетістік! Бұл медальдың артында жылдар бойғы жаттығу, қайсарлық, шыдамдылық, тәртіп, өзіне деген сенім мен спортқа деген шексіз адалдық тұр.
Түлектеріміздің мектеп қабырғасынан тыс жерде де өз табыс тарихын жазуды жалғастырып жатқанын сезіну біздің мектеп үшін ерекше қуаныш. Галинаның үлгісі бүгінгі оқушыларымызға мектеп жылдары аяқталғанымен, үлкен жетістіктерге апарар жолдың жаңадан басталатынын тағы бір мәрте дәлелдейді. Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойыңыздар, еңбек етіңіздер — бір күні бүкіл әлем сіздердің спорттық ареналарыңызға айналуы мүмкін!
Галинаға жаңа бастамалар, жарқын жеңістер, зор денсаулық және сарқылмас қуат тілейміз! Алда әлі де талай шақырымдар, медальдар мен Қазақстан туын көкке биік көтеретін мақтанышты сәттер көп болсын! 🏆
Мектеп мақтанышы – Біздің Бағдарымыз! ❤️
🌟 ГОРДОСТЬ НАШЕЙ ШКОЛЫ – НАШ ОРИЕНТИР!С особой гордостью хотим рассказать о нашей выпускнице - Галине Кичигиной @hodochka1988, которая достойно представила Казахстан на мировом уровне и добилась блестящего результата! 🇰🇿👏
22 августа Галина приняла участие в чемпионате мира по лёгкой атлетике World Masters Athletics Championships, который проходит в городе Тэгу, Южная Корея, выступив в спортивной ходьбе на дистанции 10 км.
И сегодня у нас замечательная новость — Галина завоевала СЕРЕБРЯНУЮ МЕДАЛЬ в своей возрастной категории! 🥈🌍
Это масштабные и серьёзные соревнования международного уровня, где спортсмены из разных стран мира соревнуются в своих возрастных категориях. И среди сильнейших — наша выпускница!
🥈 Серебро чемпионата мира — это огромный успех! За этой медалью стоят годы тренировок, сила воли, выдержка, дисциплина, вера в себя и невероятная преданность спорту.
Для нашей школы особенно радостно осознавать, что выпускники продолжают писать свои истории успеха далеко за пределами школьных стен.
Пример Галины ещё раз доказывает нашим сегодняшним ученикам: школьные годы заканчиваются, а путь к большим достижениям только начинается. Мечтайте, ставьте цели, трудитесь — и однажды весь мир может стать вашей спортивной ареной!
Желаем Галине новых стартов, ярких побед, крепкого здоровья и неиссякаемой энергии! Пусть впереди будет ещё много километров, медалей и поводов с гордостью поднять флаг Казахстана! 🇰🇿🏆
Гордость школы – Наш Ориентир! ❤️🇰🇿
