10
қараша
2026
ШҚО өкілдері «Қазақ тілі» қоғамының мерейтойлық құрылтайына қатысты.
ШҚО өкілдері «Қазақ тілі» қоғамының мерейтойлық құрылтайына қатыстыАстанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы қоғамдық бірлестігінің X мерейтойлық құрылтайы өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің бөлім басшысы Оксана Черткова-Черкасова, ақын, қоғам қайраткері Әскерхан Ақтай және өңірдің өзге де өкілдері қатысты.
Делегация құрамында Өскемен қаласындағы №36 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Надежда Шушаникова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Күршім аудандық филиалының директоры Надежда Потанина, «Марқакөл таңы» газетінің бас редакторы Валентина Свериденко және №18 мектептің мұғалімі Анжелика Шабданбекова бар.
Мерейтойлық құрылтайда Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қоғамдағы рөліне тоқталды. Мемлекет басшысы Конституцияның қазақ тілінде жазылғанын атап өтіп, бұл мемлекеттік тілдің әлеуетін айқын көрсететінін жеткізді.
Мемлекеттің абыройы қазақ тілімен бірге өседі, – деді Президент.
Жиында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны дамыту мен насихаттау, білім беру жүйесіндегі рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Мұндай ауқымды басқосулар мемлекеттік тілдің дамуына серпін беріп, оның қоғамдағы маңызын арттыруға, сондай-ақ қазақ тілінің болашағы үшін ортақ мақсат жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың өзара тәжірибе алмасуына жол ашады.

Представители ВКО приняли участие в юбилейном съезде общества «Қазақ тілі»
В Астане с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева состоялся X юбилейный съезд международного общественного объединения «Қазақ тілі». В мероприятии приняли участие заместитель акима Восточно-Казахстанской области Айдар Садырбаев, руководитель отдела Региональной службы коммуникаций ВКО Оксана Черткова-Черкасова, а также другие представители региона.
В состав делегации вошли учитель казахского языка школы №36 города Усть-Каменогорска Надежда Шушаникова, директор Курчумского районного филиала Палаты предпринимателей «Атамекен» Надежда Потанина, главный редактор газеты «Марқакөл таңы» Валентина Свериденко и учитель школы имени Р. Марсекова Уланского района Анжелика Шабданбекова.
В ходе юбилейного съезда Президент Казахстана остановился на статусе государственного языка и его роли в обществе. Глава государства отметил, что Конституция написана на казахском языке, что наглядно свидетельствует о его потенциале.
«Авторитет государства растёт вместе с казахским языком», — подчеркнул Президент.
В ходе встречи также обсуждались вопросы расширения сферы применения казахского языка, его развития и популяризации, а также повышения его роли в системе образования.
Подобные масштабные мероприятия придают новый импульс развитию государственного языка, укрепляют его значение в обществе и создают возможности для обмена опытом между гражданами, которые работают над достижением общей цели — сохранением и развитием будущего казахского языка.