12
қараша
2026
🚔 «Заң және тәртіп»: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
🚔 «Заң және тәртіп»: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу📅 Бүгін, 12 қараша күні 10 «А» сыныбында «Заң және тәртіп» сабағы аясында профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімінің бастығы, полиция аға лейтенанты Құрманғаев Серікқали Талғатұлы қатысты.
📌 Кездесу тақырыбы: «Дропперлік, вишинг, фишинг және лудомания».
Кездесу барысында оқушылар интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері, жасөспірімдерді құқыққа қайшы әрекеттерге тарту тәсілдері, сондай-ақ банк карталары мен жеке деректерді бөгде адамдарға берудің қауіптілігі туралы ақпарат алды.
Әсіресе, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), оның жасөспірімдердің өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ заңсыз қаржылық схемаларға қатысудың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.
Кездесу танымдық әңгіме форматында өтті. Оқушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, интернет-алаяқтардан қорғану жолдарымен танысты.
Кездесудің басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлыққа тәрбиелеу.
🚔 Закон и порядок: профилактика правонарушений среди подростков
📅 Сегодня, 12 ноября, в 10 «А» классе в рамках урока «Закон и порядок» состоялась профилактическая встреча с приглашённым сотрудником старшим лейтенантом полиции начальником дежурной части Иртышского отдела полиции Курмангаевым Сериккали Талгатовичем
📌 Тема встречи: «Дропперство, вишинг, фишинг и лудомания».
В ходе беседы учащиеся узнали о современных видах интернет-мошенничества, способах вовлечения подростков в противоправную деятельность, а также о последствиях передачи банковских карт и личных данных третьим лицам.
Особое внимание было уделено проблеме игровой зависимости (лудомании), её негативному влиянию на жизнь подростков, а также правовым последствиям участия в незаконных финансовых схемах.
Встреча прошла в формате познавательной беседы. Учащиеся получили полезную информацию, смогли задать интересующие вопросы и узнать, как защитить себя от интернет-мошенников.
Главная цель встречи — формирование правовой грамотности, финансовой безопасности и ответственного поведения среди несовершеннолетних.