Мектеп оқушысы Максим Шевченконы «Рауан» халықаралық
Мектеп оқушысы Максим Шевченконы «Рауан» халықаралық фестиваль-байқауында Бас жүлдені (Гран-при) 🏆 иеленуімен мақтанышпен құттықтаймыз! Максим «Аспаптық музыка (фортепиано)» 🎹 номинациясы бойынша өнер көрсетіп, композитор Тончи Хульжичтің (Tonci Huljic) «Croatian Rhapsody» 🎼 туындысын орындап шықты. Оның жарқын, эмоционалды орындауы мен жоғары шеберлігі қазылар алқасы мен көрермендерді тәнті етті 👏✨. Максимге алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! 🌟🏆🎶 С гордостью