Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📌Өскеменде оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті
29
сәуір
2026

📌Өскеменде оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті

📌Өскеменде оқушыларға арналған кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен №36 орта мектептің 9-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру мақсатында «SP JET» кәсіпорнына танымдық экскурсия өтті.
Іс-шараға қатысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Жанат Мекеева жастардың болашағын айқындауда жұмысшы мамандықтардың маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Бүгінде еңбек адамына сұраныс жоғары. Қарапайым жұмысшы мамандықтары – экономиканың негізі. Сондықтан жастар мамандық таңдауда тек беделге емес, нақты сұранысқа ие, елге қажет салаларға мән беруі тиіс. Осындай экскурсиялар арқылы оқушылар өндірісті көзбен көріп, болашаққа дұрыс бағыт алады деп сенеміз», – деді ол.
Экскурсия барысында оқушылар өндіріс процесімен танысып, кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат алды. Кәсіпорын мамандары түрлі мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, оқушыларға болашақта дұрыс кәсіби таңдау жасауға бағыт-бағдар берілді.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің еңбекке деген қызығушылығын арттырып, заманауи өндіріс салалары туралы түсінігін кеңейтеді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары – жастардың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал ететін маңызды тетік.