13
қазан
2026
🤖 МЕКТЕПТЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА
🤖 МЕКТЕПТЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА«№ 36 орта мектебі» КММ-де «Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар – білім беру сапасын арттыру және педагогтің кәсіби тиімділігін жоғарылату ресурсы» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
💡 Кездесудің басты идеясы: жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше, педагогикалық міндеттерді шешуге, уақытты үнемдеуге және оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға көмектесетін құрал болып табылады.
Педагогикалық кеңес интерактивті форматта ұйымдастырылды.
🔹 Педагогтер білім беру саласында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен және қауіпсіз қолдану қағидаттарын талқылады.
🔹 Педагогикалық ұжымның цифрлық және жасанды интеллект саласындағы құзыреттілік деңгейін анықтауға бағытталған диагностика нәтижелерімен танысты.
🔹 «ЖИ-зертхана» атты практикалық бөлімде бес топ нақты педагогикалық жағдаяттар бойынша жұмыс істеді: оқу материалдарын әзірледі, ақпараттың шынайылығын тексерді, жұмысты оңтайландыру жолдарын іздестірді, академиялық адалдық пен дербес деректерді қорғау мәселелерін талқылады.
Әр топ өз шешімін ұсынып, оны дәлелді түрде қорғады. Топтық жұмыс мазмұнды, белсенді әрі нәтижелі өтті!
✨ «Тәжірибе алмасу» бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Үш педагог цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, әріптестерін қызықты сервистермен және оларды білім беру үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды.
🤝 Кездесу қорытындысында қатысушылар ортақ тұжырымға келді: заманауи технологиялар нақты педагогикалық мақсатта, саналы әрі сыни көзқараспен қолданылғанда ғана тиімді нәтиже береді.
Жасанды интеллект ұсынады — педагог тексереді, бейімдейді және түпкілікті шешім қабылдайды!
Барлық әріптестерімізге белсенді қатысқандары, кәсіби пікір алмасқандары, қызықты идеялары және тәжірибелерімен бөлісуге дайын болғандары үшін алғыс білдіреміз!
🚀 Бірге үйреніп, тәжірибе жасап, кәсіби тұрғыдан дами берейік!
🤖 ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ В ШКОЛЕ: ОТ ТЕОРИИ К ПРАКТИКЕ
В КГУ «Средняя школа № 36» состоялся педагогический совет на тему «Искусственный интеллект и цифровые инструменты как ресурс повышения качества образования и профессиональной эффективности педагога».
💡 Главная идея встречи: ИИ — не замена учителю, а инструмент, который помогает решать педагогические задачи, экономить время и открывать новые возможности для обучения.
Педсовет прошёл в интерактивном формате.
🔹 Педагоги обсудили принципы ответственного и безопасного применения искусственного интеллекта в образовании.
🔹 Познакомились с результатами диагностики цифровой и ИИ-компетентности педагогического коллектива.
🔹 В практической части «ИИ-лаборатория» пять команд работали над реальными педагогическими ситуациями: создавали учебные материалы, проверяли достоверность информации, искали способы оптимизации работы, обсуждали академическую честность и защиту персональных данных.
Каждая группа представила и аргументированно защитила своё решение. Работа получилась содержательной, активной и по-настоящему командной!
✨ Особый интерес вызвал блок «Обмен опытом». Трое педагогов поделились собственными практиками использования цифровых инструментов и ИИ, познакомили коллег с интересными сервисами и возможностями их применения в образовательном процессе.
🤝 Итогом встречи стало общее понимание: современные технологии эффективны тогда, когда используются осознанно, критически и с конкретной педагогической целью.
ИИ предлагает — педагог проверяет, адаптирует и принимает решение!
Благодарим всех коллег за активность, профессиональный диалог, интересные идеи и готовность делиться опытом!
🚀 Продолжаем учиться, экспериментировать и развиваться вместе!
https://www.instagram.com/reel/DebtKEWOOrQ/?utm_source=ig_web_copy_link&dlrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==