Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай"Абайтану" кабинеті ашылды - В
Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектебімізде «Абайтану» кабинеті ашылды. Ұлы дала философы және ағартушысының өмірден озғанына ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бейнесі туған халқына, туған ұлтына жақындай түсуде.Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезден ұлы ойшылдың жауhар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. В