29
қыркүйек
2025
2025 жылғы 29 қыркүйекте 10-сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру дәрісі өтті
2025 жылғы 29 қыркүйекте Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы А.А. Тойғанбаева ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Д.Г. Байжуминова бірге 10-сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқық: ұғымы, қағидаттары және нормалары;
буллинг және өз құқықтарын қорғау жолдары;
алаяқтық пен кибербуллингтің алдын алу;
лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері.
Дәрістің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білу мен сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған көзқарас қалыптастыру.