Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Инклюзивті білім беру - барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін трансформациялау бағыттарының бірі.
09
қазан
2023

Инклюзивті білім беру - барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін трансформациялау бағыттарының бірі.

Инклюзивті білім беру - барлығына сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған білім беру жүйесін трансформациялау бағыттарының бірі.
2023 жылғы 9 қазанда Өскемен қаласының "№36 орта мектебі" КММ негізінде инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы болды. Іс-шараға "Казцинк” ЖШС өкілдері қатысты, атап айтқанда, инклюзивті қолдау кабинеті ашылуының бас демеушісі болып табылатын "Казцинк”  ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры А.П.Лазарев, "Казцинк” ЖШС әлеуметтік қолдау қызметінің бастығы Н.М.Козинец, жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Е.Е.Фоминых, жұртшылықпен байланыс басқармасының жетекші маманы А.В.Балабанова
Ашылу салтанатына "Мой город", "Рудный Алтай" "Вестник Компании" газеттері және "Алтай ТВ", "31 арна" телеарна - бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Лентаны қию құрметі "Казцинк”  ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры А.П. Лазаревке және мектеп директоры Л.И.Шосткоға берілді. Инклюзияны қолдау кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталғандығы аталып өтілді. Кабинетті әдістемелік сүйемелдеу "Болашақ" республикалық корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылады.
Біздің кабинет - бұл оқушыны оқшаулау орны немесе мектеп жанындағы түзету кабинеті емес. Бұл оқушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай инклюзивті білім мен жеке оқытуды тең дәрежеде сезінуге мүмкіндік беретін арнайы білім беру моделі. Бұл мектептегі "арал", онда біздің балалар мамандардың көмегі мен қолдауына ие болады.
Қазіргі кезде инклюзияны қолдау кабинетінде келесі мамандар жұмыс істеуде: 10 педагог-ассистент, педагог-дефектолог, логопед, педагог-психолог.
Біз бастамашыл және жігерлі, жанашыр және кез-келген жағыдайларға бей-жай қарамайтын адамдарға үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, оларсыз мұндай жоба болмас еді.