Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
наурыз
2017

Наурыз мерекесіне арналғхан «Made in Kazakstan»көктемгі жәрмеңке

Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жылдарында біздің еліміздің болашағының іргетасын қалайтын және барлық қазақстандықтарды біріктіретін басты құндылықтар жасалды. Сондай  біріктіретін факторлардың  бірі Наурыз мейрамы. Сондықтан оның өткізілуіне ерекше мән беріледі. Наурыздың он жетісінде мектепте «Made in Kazakstan» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оның мақсаты: ата-аналар мен мектеп мекемесінің белсенді ынтымақтастығын дамыту болды. Үстелді безендіру, үш тілде ұлттық тағамды жарнамалау, киімді ойластыру тапсырмаларын барлық сыныптар ойдағыдай орындады. Мереке барлығына ұнады, қатысушылар үшін есте қаларлықтай болды.  Мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың күшімен қонақжайлылықтың қайталанбас атмосферасы жасалды.  

Жарнаманы тыңдаған соң тағамның дәмін татып көру

Наурыз мерекесіне арналған «Made in Kazakstan » жәрмеңкесінің қатысушылары-оқушылар