Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№36 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 26-84-48
Есепші:
+7(7232) 26-02-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қазан
2020

Ақпараттық-танымдық - Информационно-познавательный



Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі  Шығыс Қазақстан облысы  Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан туады.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
   Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды.  Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Абайдың   отбасы


Абай 1860 жылы 15 жасында әкесінің құдаласуымен Ділдәға (1843-1924) қосылады.Ділдәдан Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Мағауия, Күлбадан, Райхан туған.
 Екінші әйелі Әйгерім. (шын есімі – Шүкіман) Әнін естіп, ұнатып алған. (1856-1919) Абай Әйгерімге 1875 жылы үйленген. Әйгерімнен Турағұл, Мекайіл, Ізкәйіл, Кенже туған. 
Ақылбай Абайұлы (1861-1904) - Ділдәдан туған Абайдың тұңғыш баласы.
 Күлбадан Абайқызы (1862-1932) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы
Әкімбай (Хәкімбай) Абайұлы (1866-73) – Абайдың Ділдәдан туған баласы. 1873 жылы 7 жасында қайтыс болған.
Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1869-1895) – Абайдың Ділдәдан туған баласы
Мағауия Абайұлы (1870-1904) – Абайдың Ділдәдан туған кенже ұлы
Райхан Абайқызы (1871-1896) – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы.
Турағұл (Тұраш) Абайұлы (1876-1934) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған
Мекайыл (Мекеш) Абайұлы(1884-1931) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Зікәйіл (Зікеш) (1895-1929) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы.
Кенже Абайқызы (1901-1932) – Абайдың Әйгерімнен туған кенже қызы. 

Абай отбасымен. 1903 жыл. Фотосуреттің түпнұсқасы Семей қаласындағы Абай музейінде сақтаулы. Ол суретті 1940 жылы М.О.Әуезовтің өзі сыйға берген.
1. Ақынның көзі тірісінде түскен  екі  фотаға ғана сақталып қалған.             
2.Үлкен ұлы Ақылбаймен(сол жағында) Абайұлы (35 жас) және Турағұл Ибрагимұлы (21 жас)1896 жыл, Семей қаласы
Ұлы ақынның ұрпақтары патшалық, содан кейін кеңестік жазалау саясатының құрбаны болды. Қуғындау мен жер аударылудың нәтижесінде олар тағдырдың тәлкегінен сан-саққа бытырап, әр жердегі балалар үйі мен жатақтарда өмір сүрген Абай шөберелері бірін-бірі жақын танымастан Ұлы Отан соғысына аттанады. (10 ұл, 1 қыз) майданға қатысып, екеуі аман келді. Олар Алпаш Жебірайұлы мен Ишағы Жағыпар қызы аман келген.
Қазіргі  таңда Абайдың екі әйелінен тараған 10 баласынан қалғаны бесінші ұрпағы Айдар, одан Данияр оның балалары Дана, Камила, Меруерт. Эрнестің ұлы Айдос.
Абай  атқарған  жұмыстар
  • 1885 ж. мамыр айында Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды
  •  
  • 1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. 

Бізге жеткен Абайдың 8 мың өлең жолы, 45 қара сөзі, қырыққа жуық әндері,3 күйі, 3 поэмасы бар.

Биыл – ұлы ақынның мерейтойы. Семейдегі Абай кітапханасында ғалым Асан Омаровтың «Абай жаңаша үлгідегі басылым» атты 2 томдық кітабының тұсаукесері өтті. Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының ұмытылып бара жатқан шығармалары жинақталып, қайта жарық көрді. Көптомдық еңбектің басты ерекшелігі – Абай шығармаларының қайсысы қай жылы жазылғаны нақты деректермен дәлелденіп, жазылған. Осы кезге дейін Абайдың өлеңдерінің ұзын-саны 170-тен астам деп көрсетілсе, абайтанушы Асан Омаров шығармалардың нақты саны 195 екенін дәлелдеген. Ғалым Асан Омаров ақынның шығармаларын қайта жаңғыртты. Соның бірі – «Жаңа закон» өлеңі. Шығарманы алғаш рет Омбы архивінен академик Әлкей Марғұлан тапқан. Бірақ сол кездегі саяси жағдайға байланысты 34 шумақты өлең жайлы дау бітпейді. Соңында филологиялық кеңес ұлы ақынның «Жаңа закон» өлеңін ұмыт қалдырады. Абайтанушы Асан Омаров ақ-қарасын дәлелдеген. Қазақ қоғамындағы жемқорлық, рухани құлдырап бара жатқан ел тағдыры туралы ойлар ұлы ақынның көзқарасымен үйлеседі. Осындай 175 шығарма табылған.
  Зерттеушінің айтуынша, соңғы жылдары классиктің 10-15 жаңа өлеңі табылған.