16
наурыз
2023
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында мектепалды даярлық 0 «Б» тобында «Төрлет, төрлет Наурыз» атты таңертеңгілік іс-шарасы өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында мектепалды даярлық 0 «Б» тобында «Төрлет, төрлет Наурыз» атты таңертеңгілік іс-шарасы өткізілді.
Балалар қазақтың ұлттық киімін киіп, мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде ән шырқап, мың бұралып би биледі. Сонымен қатар, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, балалар аса қызығушылықпен ойын ойнап, бір сергіп қалды.
Мерекелік келесі сатысында, балаларды ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында, Тұсау кесу рәсімі көрсетіліп, балалар қызығушылықпен тамашалады.
Іс-шара соңында қонақтарға келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында міндетті түрде әзірленетін, киелі жеті дәм мен ақтан жасалатын тоқшылық пен ырыс-құттың белгісі болып табылатын қасиетті тағам Наурыз көже ұсынылды.
[media=https://youtube.com/shorts/46l2boVuy8E?feature=share]
[media=https://youtube.com/shorts/svQIoaX5q0w?feature=share]







